Коронавирус
2 мин оқу 210

Қауіптің беті қайтатын емес

<p style="text-align: justify;">Жаман тұмаудың қарқыны үдей түсуде. Облыстың бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның мәлімдеуіне қарағанда, жыл басынан бері өңірде індет жұқтырушылардың саны 16 есеге көбейген.</p>

Қауіптің беті қайтатын емес

Соңғы тәулікте ғана 700-ден астам індет жұқ­тырған. Оның 536-ы ересек адам бол­са, қалғандары – 14 жасқа де­йінгі бала­лар. Індет әсіресе, Көк­шетау, Степ­но­горск қала­ла­ры мен Бура­бай, Ерей­мен­тау, Атба­сар аудан­дарында жайылып барады.

Қауіпті дертке оқушылар да жиі ұшы­рау­да. Мәселен, төрт­күл дүниенің апшысын қуыра жеткен КВИ дерті бас­тал­ғалы
5 742 оқушы індетке шал­дығыпты. Жаңа оқу жылынан бері 3 мыңнан астам оқушы ауыр­ған. Жоғары және орта оқу орындарының студенттері де індет жұқтырушылар қата­рын­да. Олардың саны 300-ден асады.

– Қауіптің бетін қайтару үшін әрбір тұрғынның екпе қабылдауы қажет. Әрине, екпе қабыл­дағаннан кейін де дерт­ке ұшы­рағандардың бар еке­нін жасыруға болмас, – дейді өңірдің бас санитарлық дәрігері, – бір жақсысы, екпе қабыл­да­ғаннан кейін індеттің әсері жеңілдеу болады.

Бүгінде өңірде 150-ге жуық вак­цина пункттері жұмыс істеу­де. Сөз арасында осы бір жауап­кершілігі мол істе Қосшы қала­сы­ның тұрғындары көш бастап тұрғандығын айта кетсек артық болмас. Қала тұрғындары түгел вакцинаның бірінші және екінші компонентін алып үлгерген. Тиімділігі осы жерде көрініп тұр. Сараптап қарасаңыз, індет қар­­қыны бұл қалада өте төмен. Демек, вакцина салудың тиім­ді­лі­гі көзге көрініп тұр.

– Бүгінге дейін ревакцинаны тұрғын­дар­дың 50 пайызы ғана алды. Бұл барлық көлемнің жартысы ғана. Көпшілігі – мектеп мұ­ғалімдері мен медицина қызметкерлері, – дейді бас санитарлық дәрігер.

Өңірде 207 мониторинг тобы жұмыс істеу­де. Жыл басы­нан бері олар 200-ден астам бақылау жұмыстарын жүр­гіз­ген. Нәти­­же­сінде, карантин шара­ла­рын бұзған 4 нысан анық­та­лып­ты, 2 мыңнан астам тұр­ғын оқшаулау талабын бұзған, 522 облыс тұрғынына 27,6 млн теңге айыппұл са­лынған.

Бүгінгі таңда облыстағы 17 стационарда
1 205 төсектік орны бар. 700-ден астам сырқат ем қа­былдауда. Жан сақтау бөлі­мін­де 23 нау­қас жатыр. Дәрі-дәрмектің екі айлық қоры қам­та­­масыз етілген.

Қауіптің бетін қайтаратын жалғыз жол – екпе қабылдау екенін мамандар айтып отыр. Де­мек, жалпақ жұрт жанашыр сөзге құ­лақ асулары қажет.

Ақмола облысы

Бөлісу:
Қауіптің беті қайтатын емес · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар