Теннис
1 мин оқу 180

Монпелье турниріндегі жеңіс

<p class="2018-" style="text-align: justify;"><span style="letter-spacing: -.2pt;">Қазақстанның бірінші, әлемнің 35-ракеткасы Александр Бублик Францияның Монпелье қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирін сәтті бастады.</span></p>

Монпелье турниріндегі жеңіс

Осы жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген А.Бублик алғашқы кездесуін әлем­дік рейтингте 62-орында тұрған Нидер­ланд өкілі Таллон Грикспурмен өткізді. Аса тартыс­ты өткен бәсекенің тағдыры екі сеттегі тай-брейкте шешілді. Шешуші сәтте мықтылық танытқан қазақстандық теннисші 7:6 (7:4), 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартыс­ты матчта А.Бублик 20 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдалана алды. А.Бублик екінші айналымда әлемнің 96-ракеткасы, германиялық Петер Гоевчик немесе рейтингте 113-сатыдағы франциялық Пьер-Юг Эрбердің бірімен күш сынасады.

Бір айта кетерлігі, осы турнирдің іріктеу сайыстарының финалында қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин дәл осы Эрберге есе жіберіп, негізгі додаға қосыла алмай қалған болатын.

Бөлісу:
Монпелье турниріндегі жеңіс · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар