Өнер
1 мин оқу 310

Кембридждегі қазақ кереметі

<p style="text-align: justify;">Кембридж университеті жанын&shy;дағы Фицуильям мұражайында &laquo;Ұлы дала алтыны&raquo; көрмесінің ресми жабылуы өтті. Британдық БАҚ &laquo;халықаралық сенсация&raquo; деп атаған және Apollo журналы әлемнің үздік алты көр&shy;ме&shy;сінің бірі деп атаған біре&shy;гей көр&shy;ме Ұлыбританияда төрт айға жал&shy;ғасты.</p>

Кембридждегі қазақ кереметі

Елдегі карантиндік шектеулерге қарамастан, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына ар­налған көрмені 25 мыңға жуық адам тамашалады.

Көрмеде Шығыс Қазақстан облы­сындағы Берел, Шілікті және Елеке Сазы жерлеу кешендерінен біздің дәуірімізге дейінгі VIII-III ғасырларға жататын жүздеген бірегей алтын жә­дігер ұсынылды.

Экспонаттар келушілерге сақ­тар­дың тұрмысын, тарихы мен мұра­сын тануға, сондай-ақ ежелгі көш­пен­ділердің қазіргі қазақ мәдениетімен түйісу нүктелерін зерттеуге мүм­кін­дік берді.

Жабылу салтанатында сөз сөй­леген Қазақстанның Ұлыбри­та­ниядағы елшісі Ерлан Ыдырысов көрменің ха­лық­аралық аудиторияға Қазақ­стан­ның бай тарихын ашқа­нын және ортақ мақсат – ежелгі ақ­парат көздерін ашып, адамзат тарихын тереңірек тануға ұмтылу жо­лындағы ғылыми және мә­дени ын­тымақтастықтың көрінісі болға­нын атап өтті.

Фицуильям мұражайының директоры Люк Сайсон Шығыс Қазақстан тарихи-өлкетану мұражайының бас­­шы­­лығына, профессорлар Зей­нол­ла Самашев пен Әбдеш Төлеу­бековке тығыз ынтымақтастық үшін алғысын білдіріп, көрме барысында Кембридж университетінің ғалым­дары қазақстандық археологтермен бірлесіп, бірегей сақ артефактілерін зерттегенін айтты.

Ғылыми зерттеулердің нәти­же­лері алдағы айларда әлемдік қа­уым­­дастыққа ұсынылады.

Мұражай директоры сондай-ақ көрме мен оған ілеспе зерттеулер Қазақстан мен Ұлы­­­британия­ның ғылыми қоғамдас­тық­тары ара­сындағы ынтымақ­тас­тықты терең­дету үшін берік іргетас қалағанын атап өтті.

Бөлісу:
Кембридждегі қазақ кереметі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар