Футбол
1 мин оқу 223

Жартылай финалдағы төрттік

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Нидерландта өтіп жатқан футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының ширек финалдық ойындары аяқталып, жартылай финалға жолдама алған үздік төрт құрама белгілі болды.</p>

Жартылай финалдағы төрттік

Ширек финал қорытындысы бойынша келесі кезеңге Украина, Португалия, Испания және Ресей құрамалары шықты. Ширек финалдың бірінші күнінде осы біріншіліктің қазіргі чемпиондары Португалия Финлян­дияны 3:2 есебімен тізе бүктірсе, Қазақстан құрамасының Украинадан 3:5 есебімен ұтылып қалғаны белгілі. Ал екінші күнгі ойындарда Ресей футзалшылары Грузияны – 3:1, Испания Словакияны 5:1 есебімен жеңіп, жартылай финалда ойнау мүмкіндігіне ие болған еді.

4 ақпанға белгіленген жартылай финалда Португалия – Испания және Ресей – Украина құрамалары финал жолдамасын сарапқа салады. Финал және 3-орын үшін болатын ойын­дар 6 ақпанға жоспарланған.

Бөлісу:
Жартылай финалдағы төрттік · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар