Қаржы
1 мин оқу 460

Былтыр несие алушылардың саны артқан

<p style="text-align: justify;">2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанның бөлшек несие портфелі 10,76 трлн теңгеге жетті. Бұл былтырмен салыстырғанда 42,9 пайызға жоғары, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Бірінші несие бюросына сілтеме жасап.</p>

«2021 жылдың 11 айында автотранспортты тіркеу саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,3 пайызға төмендеп, 710,4 мың бірлікті құрады. Мұндай төмендеу екінші нарық есебінен болып отыр. Ал жаңа авто­мобильдердің сатылымы 25,9 пайыз­ға өсіп, 117 мың бірлікке жетті. Со­нымен қатар автокөлік алу мақ­сатымен рәсімделген несиенің жалпы сомасы 57,5 пайызға ұлғайып, 592,2 млрд теңгені құрады», деп мәлімдеді Бірінші несие бюросы.

2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша былтыр несие жүйесі 333 мың қарыз алушымен толыққан. Осыншама адам 2021 жылы алғаш рет несиеге жүгінген және бұрын-соңды несие тарихы болмаған. Олар жалпы сомасы 118,5 млрд теңге көлемінде алғашқы несие рәсімдеген.

Бөлісу:
Былтыр несие алушылардың саны артқан · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар