Экономика
1 мин оқу 430
ТМД: Тәжікстан өнеркәсіп өндірісінің өсімі бойынша алда
<p style="text-align: justify;">2021 жылдың соңында Тәжікстан өнеркәсіп өндірісінің өсімі бойынша ТМД елдері арасында бірінші орынға шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл туралы сәрсенбі күні журналистерге Индустрия және жаңа технологиялар министрі Шерәлі Кабир айтты.
«Тәжікстанның өнеркәсіп өндірісінің көлемі 38,8 млрд сомониге (3,4 млрд доллардан астам) жетті. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 23%-ға артық», деді министр.
Оның айтуынша, республикада өндірілген өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінің 32 пайызы тау-кен өнеркәсібіне, 20 пайызы электр қуатына, 19 пайызы азық-түлікке тиесілі.
Бөлісу: