Аймақтар
2 мин оқу 540

Қираған ғимараттар қашан қалпына келеді?

<p style="text-align: justify;">Қаңтар айындағы қайғылы оқиғаның зардабы Жетісу жерінде де сезілген болатын. Жаппай тәртіпсіздіктің салдары облыс орталығы Талдықорған қаласында ерекше байқалды. Сол тұста ел Президентінің Жарлығымен аймақта төтенше жағдай жарияланып, террорлық қауіптің &laquo;қызыл деңгейі&raquo; белгіленген-ді. Қазір өңірде зардап шегіп, қираған нысандарды қалыпқа келтіру жұмысы қызу жүріп жатыр.</p>

Қираған ғимараттар қашан қалпына келеді?

Бүлікшілер бұлғақтың ал­­ғашқы күні облыс әкім­ді­гінің, қалалық поли­ция бас­қармасының ғимарат­тары­на басып кіріп, нысандарға өрт қойған еді. Нәтижесін­де, бей­біт тұрғындар да зардап шегіп, көптеген адам медициналық көмекке жү­гін­ді. Сол бұлғақ кезінде Тал­­­ды­қорған қаласындағы бір­­­неше сауда нүктесі де зар­дап шекті. Оның арасында «Тех­но­дом» сауда үйі мен «Қара­ғаш» сауда орталығы ша­буылдың негізгі нысана­сы­на айналды. Бұзақылар тұр­мыстық техника мен зер­гер­лік бұйымдарды тонап кет­ті. Облыстық кәсіпкерлер палатасының дерегіне қара­ғанда, аймақтағы 143 сау­да нысаны зардап шеккен кө­рінеді. Кәсіпкерлерге келті­ріл­­ген шығын көлемі 8,8 млрд теңге шамасында деген ше­шім шыққан.

Бүгінде Талдықорған қала­сындағы бүлінген ғимарат­тарды жөндеу жұмысы жал­ғасуда. Бұл қатарда облыс­тық және қалалық ішкі істер басқармасының ғима­рат­тары, ҰҚК облыстық депар­таментінің ғимараты және Nur Otan партиясының жеке ғи­ма­раты бар. Аталған нысан­дардағы құрылыс аяқталға­сын қалыпты тіршілікке кі­ріспек. Ал жөндеуге кететін шығын көлемі 4,5 млрд теңге шамасында есептелді.

– Дүрбелең кезінде Тал­ды­қорған қаласында 5 ғима­ратқа зақым келді. Оның ішінде облыстық әкімдік үйі толықтай жанып кеткен болатын. Қазір ғимарат ішінде тазарту жұмыстары аяқталды. Қалыпқа келтіру бойынша зерттеу-сараптама жұмысын жүргізудеміз, онымен «Каз­НИСА» компаниясы айналысуда. Қорытынды дайын болғаннан кейін ғимаратты қайта қалпына келтіруге бола ма, әлде жаңадан нысан соғу қажет пе деген сұраққа жа­уап аламыз. Бұл ғимарат 1972 жылы қолданысқа берілген, өте ескі нысандар қатарында. Нысанды толықтай сараптамадан өткізу үшін 19 млн теңге шамасында қаражат жұмсалады. Ал жобалау жұмы­сына 150 млн теңгедей ке­туі мүмкін. Мұның бәрін сараптама қорытындысы да­йын болғаннан кейін нақ­ты айта аламыз, – дейді Алматы облыстық құрылыс бас­қар­масы басшысының орынбасары Еркебұлан Усманбаев.

Алматы облысы

 

Бөлісу:
Қираған ғимараттар қашан қалпына келеді? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар