Оқиға
1 мин оқу 241
Жылыжайға есірткі өсірген зейнеткер ұсталды
<p style="text-align: justify;">Алматыда үйлердің бірінен есірткі жылыжайы анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Жылыжайға қаладағы Медеу ауданының 74 жастағы тұрғыны иелік еткен.
«Тексеру барысында есірткіні жылыжайда өсіру дерегі анықталды. Қарасораға ұқсайтын өсімдік егілген құмыралар табылды. Сот-химиялық сараптамасы тағайындалды», деді Медеу аудандық ПБ бастығы Дәурен Өтебаев.
Зейнеткер есірткіге осыдан он бес жыл бұрын әуестенгенін, сондықтан оны өзі өсіруге бел буғанын айтқан. Құрамында өсіруге тыйым салынған есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегі бойынша соталды тергеу амалдары басталған.
Бөлісу: