Аймақтар
1 мин оқу 330

Атырауда 160-қа жуық сотталған азамат рақымшылыққа ілінді

<p style="text-align: justify;">Атырауда есептегі сотталғандардың 160-қа жуығы рақымшылыққа ілінді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өткен жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізілді, соның бірі – рақымшылық.

Polisia.kz сайты таратқан мәліметке сүйенсек, Атырау қалалық пробация қызметіндегі 740-қа жуық есепте тұрған қоғамнан оқшауланбай сотталғандардың 160-қа жуығына рақымшылық заңы қолданылған.

Қазіргі таңда оларға қатысты жадығаттар Атырау қалалық №2 сотына жолданып, онлайн режимінде оның 93-і қаралған. 33-і қылмыстық жазадан босатылып, 60-қа жуығының жазаны өтеу мерзімдері қысқартылды.

Бөлісу:
Атырауда 160-қа жуық сотталған азамат рақымшылыққа ілінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар