Ақтөбедегі көп қабатты үйлердің бірінде өрт болды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">4 ақпан күні Ақтөбе қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінде өрт шықты. Жалын шыққан үйден 13 адам құтқарылып, 60 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
«4 ақпанда Ақтөбе облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Ақтөбе қаласының 11 шағын ауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Шақыру орнына келгеннен кейін өрт 1 қабатта пайда болғаны және 15 шаршы метр алаңда сөндірілгені анықталды. ТЖМ қызметкерлері жоғарғы қабаттардан қатты түтіндеу нәтижесінде баспалдақ маршы арқылы 13 адамды, оның ішінде 5 баланы құтқарды. Сондай-ақ 60 адам, оның ішінде 9 бала эвакуацияланды. Өрт орнында 1963 жылы туған ер адамның денесі табылды», деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.