Аймақтар
1 мин оқу 240

Алматы орталығында қару-жарақ арсеналы табылды

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласының орталығында қару-жарақ арсеналы табылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Қару-жарақтар осы жылдың қаңтар айының басында орын алған тәртіпсіздіктердің эпицентрінде табылды.

«Жедел іс-шаралар жүргізу барысында мемлекеттік музей жанынан қару-жарақ табылды. Травматикалық қару мен гранаталар арнайы жасырын жерден табылды. Қоқыс жәшігінен жақын жерде қаруға тиесілі патрондар табылды: 12 калибрлі - 19 дана, 7.62 калибрлі - 7 дана, 5.45 калибрлі - 4  дана», деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Бөлісу:
Алматы орталығында қару-жарақ арсеналы табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар