Спорт
1 мин оқу 402

Геннадий Головкин Қазақстанда жекпе-жек өткізе ме?

<p style="text-align: justify;">IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Қазақстанды қоса алғанда, түрлі елдерде жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.sports.kz/news/golovkin-sdelal-zayavlenie-o-provedenii-boya-v-kazahstane" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Sports.kz</a>-кетсілтеме жасап.</p>

Геннадий Головкин британдық Sky Sports басылымына берген сұхбатында Ұлыбританиядағы жекпе-жегін еске алды, 2016 жылы Лондонда GGG жергілікті бұрынғы әлем чемпионы Келл Брукты нокаутқа жіберді.

Головкин, егер оған лайықты ұсыныс түссе, Тұманды Альбионға қуана-қуана оралатынын атап өтті.

«Менің Ұлыбританияға келуім есімде. Маған бұл жекпе-жек өте ұнады, керемет болды. Бұл қызықты дуэль болды. Мен өзімді белгілі бір елмен шектемеймін. Мұның бәрі көптеген факторларға байланысты. Мен АҚШ-та немесе менің туған Қазақстанымда ұрыс үшін ұсынылған шарттар Ұлыбританиядан келген ұсыныстардан еш кем түспейтініне сенімдімін», деді боксшы.

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы WBA Super титулының иегері Риота Мурата (16-2, 13 КО) болады деп күтілуде. Жекпе-жек Жапонияда осы көктемге жоспарланған, бірақ нақты күні әлі белгісіз.

Бөлісу:
Геннадий Головкин Қазақстанда жекпе-жек өткізе ме? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар