Әлем
1 мин оқу 166

Пәкістандағы көмір шахтасында бес жұмысшы қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Балужистан провинциясында орналасқан көмір шахтасында жарылыс болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ТАСС агенттігі хабарлағандай, төтенше жағдай салдарынан бес адам қайтыс болып, тағы бес адам зардап шекті.

Табиғи апаттардың салдарын жою жөніндегі өңірлік басқармада оқиғаның себебі - метанның жиналуы болғанын атап өтті. Болған жағдайды тергеу мақсатында жергілікті билік шахтаны уақытша жауып тастады.

Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді, олардың үшеуі ауыр жағдайда.

Бөлісу:
Пәкістандағы көмір шахтасында бес жұмысшы қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар