Бейжің-2022: 6 ақпанда өтетін ойындар кестесі
<p style="text-align: justify;">Ертең Қазақстан Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында спорттың үш түрінен сынға түседі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.sports.kz/news/raspisanie-vyistupleniy-kazahstantsev-naolimpiade-vpekine-6fevralya" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Sports.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>
13:00 - Шаңғы жарысы. Ерлер. Скиатлон (15 км классикалық стиль + 15 км еркін стиль). Финал. Спортшылар - Виталий Пухкало, Евгений Величко.
16:00, 17:30 - Фристайл (могул). Әйелдер. Екінші біліктілік, финал. Спортшылар - Юлия Галышева, Аяулым Әміренова, Анастасия Городко, Олеся Граур.
17:00, 18:00 - Трамплиннен секіру (к-98). Ерлер. Бірінші раунд, финал. Спортшылар - Данил Васильев, Сергей Ткаченко.
Айта кетсек, Бейжіңдегі 2022 жылғы Олимпиадада Қазақстан намысын 34 спортшы қорғайды.