Әлем
1 мин оқу 146

Сирияда бір күнде 6 бала қаза тапты

<p class="2018-" style="text-align: justify;">ЮНИСЕФ растаған мә&shy;лі&shy;меттерге сәйкес Си&shy;рия&shy;ның солтүстік-ба&shy;ты&shy;сында басталған зорлық-зомбылық салдарынан алты бала қаза тауып, тағы біреуі жарақат алды.</p>

Сирияда бір күнде 6 бала қаза тапты

ЮНИСЕФ-тің Таяу Шығыс және Солтүстік Африка бойынша аймақтық директоры міндетін атқарушы Бертранд Бенвелдің айтуынша, Сирия­ның солтүстік-батысындағы Атмех қаласында кеңауқымды қарулы қақтығыс болған. Келіп түс­кен мәліметтерге сәйкес халық тығыз орналасқан аймақ­тарға зақым келген.

«Жыл басынан бері көмекке зәру 1,2 миллион бала тұратын солтүстік-батыс Идлиб провинциясы мен оның маңындағы аудандарда зорлық-зомбылық айтарлықтай өршіп кетті», деді ЮНИСЕФ өкілі.

Сирияның осы бөлігіндегі көптеген отбасы зор­лық-зомбылықтан құтылу үшін аталған ауданға қоныс аударған көрінеді.

Бөлісу:
Сирияда бір күнде 6 бала қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар