Жаңалықтар
1 мин оқу 220

Мысырда полиция мен студенттер қақтығысты

20 03 - Misyr tartipsizdikterКеше Мысыр жоғары оқу орындарының студенттері полициямен қақтығысты, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі. Қақтығыс салдарынан екі студент қаза болған.Мысыр денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елдің бес провинциясында өрбіген тәртіпсіздіктерден 30-дан астам адам зардап шеккен. Жойқын қақтығыстар Каирдегі Әл-Асқар университетінің студенттік қалашығында орын алды. Полиция мұндағы жүздеген тәртіп бұзушыларды тарату үшін көз жасаурататын газы бар гранаталар қолданған. Сондай-ақ Александрия, Гиза, Бени-Суэйф пен Эль-Минья қалаларындағы студенттер үйлерінде де жаппай тәртіпсіздіктер орын алды. Полиция қызметкерлері демонстарцияларға қатысқан ондаған ереуілшіні ұстады. Сейсенбі күні Мухаммед Мурсидің билікке оралуын көздейтін «Заңдылықты қолдау альянсы» жаңа «революциялық толқынның» басталатынын мәлімдеген болатын. Бұрынғы президенттің жақтаушылары мен «Мұсылман бауырлардың» жетекшілері жоғары оқу орындарының студенттеріне алдағы 11 күнге  митингтер өткізуге нұсқау берген көрінеді. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Itar-tass.com. Фото: AP Photo.  
Бөлісу:
Мысырда полиция мен студенттер қақтығысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар