Қоғам
1 мин оқу 583

Аяқ киімді таңбалау кодтары енгізілді

<p style="text-align: justify;">2022 жылдың 1 ақпаннан бастап Қа&shy;зақстан Ресейдегі аяқ киімді таң&shy;балау кодтарын өзара тани бас&shy;тайды.</p>

Аяқ киімді таңбалау кодтары енгізілді

2022 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында таңбалау кодта­рын өзара танудың уа­қыт­ша сұлбасы іс­ке асырылды. Бұл ре­сейлік аяқ киімнің қазақстандық импорттаушылары Ресейде таңбаланған өнімді сатып ала алады және бұл ретте оны Қазақстанға әкелу алдында қайта таңбалай алады дегенді білдіреді. Осы­ған ұқсас сұлба Қазақстаннан Ресейге жет­кізілетін аяқ киімге де қолданылатын болады.

2022 жылғы сәуірден бастап Қа­зақ­­стан, Ресей және Беларусь аяқ киім тауар­­ларын таңбалау кодтарын өзара тану­ға қол жеткізу жоспарланып отыр. Нар­ыққа ыңғайлы болу үшін тараптар Қа­зақ­стан мен Ресей арасында таңбалау кодтарын танудың уақытша сұлбасы туралы келі­сімге қол жеткізді, таңбалау опе­ра­тор­лары деректер алмасуды жолға қою бойын­ша үнемі жұмыс жүргізуде. То­лық нұсқаулық markirovka.kz сайтында орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан­да аяқ киім тауарларын міндетті цифр­­лы таң­балау және бақылау 2021 жылдың 1 қа­ра­­шасынан бастап енгізілді. Ресейде аяқ киім міндетті түрде 2020 жылдың 1 шіл­десінен бастап, ал Беларуссияда 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап белгі­ленеді.

Тауарларды цифрлы таңбалау мәсе­лелері бойынша кеңестер үшін тәулік бойы тегін «жедел желі» жұмыс істейді – 8 800 080 65 65.

Бөлісу:
Аяқ киімді таңбалау кодтары енгізілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар