Теннис
1 мин оқу 152

Норвегиямен кездесеміз

<p style="text-align: justify;">Биыл 4-5 наурыз ара&shy;лығында өтетін Дэвис кубогының іріктеу сы&shy;нында Қазақстанның тен&shy;нис&shy;шілері Норвегия құрамасымен күш сынасады.</p>

Норвегиямен кездесеміз

Ослоның «Теннис Аренасында» өтетін бәсекеде жерлестеріміздің қандай құрамда өнер көрсететіні анықталды. Жекелеген сайыста Александр Бублик, Михаил Кукушкин және Дмитрий Попко кортқа шығады. Қазіргі кезде Бублик әлемдік рейтингте 35-орынды иеленуде. Соңғы уақытта ол өрелі өнерімен көзге түсіп, елеулі табыстарға қол жеткізуде. Кукушкин 166-орынды еншілесе, Попко 180-сатыға жайғасты. Жұптық бәсекеде Ан­дрей Голубев пен Александр Недовесовке сенім артылуда. Көпшілік бұл кездесудің қазақстандықтардың пайдасына шешілетініне еш күмәні жоқ. Себебі Скандинавия түбегі теннисшілері арасында тек Каспер Руудты ғана бөле-жара атап өтуге болады. АТР тур­нирлерін алты рет ұтып, былтыр Аус­тра­лияның ашық біріншілігінің ширек финалына дейін жеткен сайыпқыран бұл күндері әлемнің сегізінші ракеткасы атанып отыр. Ал өзгелері, тіптен «ТОП-300» ойыншының қатарында жоқ. Осы матчта жеңіске жеткен команда Дэвис кубогының финалдық сайысына жолдама алады.

Бөлісу:
Норвегиямен кездесеміз · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар