Ауа райы
1 мин оқу 4,330
-30 градусқа дейін аяз болады: Синоптиктер алдағы күн райына болжам жасады
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 8, 9 және 10 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қазақстан аумағының басым бөлігіне ай аяғына қарай Екатеринбург аудандарынан келетін циклон әсер етеді.
«Осыған байланысты ауа райы тұрақсыз сипатта болады. Жауын-шашын, тұман, көктайғақ болып, жел күшеюі мүмкін. Ай аяғына қарай, Қазақстанның солтүстік, шығыс, орталық өңірлеріне Батыс Сібір аудандарынан келетін антициклон әсер етеді. Сондықтан жауын-шашын тоқтап, температура төмендейді», делінген хабарламада.
Солтүстік өңірлерде түнде 15...28 градусқа дейін, орталық өңірлерде 15...25 градусқа дейін, ал шығыста 15...30 градусқа дейін аяз болады.
Бөлісу: