Семей тұрғынынан заңсыз қару-жарақ тәркіленді
<p style="text-align: justify;">Семей қаласында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жергілікті тұрғынның атыс қаруын заңсыз сақтауға қатысы барлығы туралы ақпаратты тексерді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тінту нәтижесінде 29 жастағы ер адамның гаражынан 16 калибрлі «ЗК» және «ИЖ» маркалы екі тегіс ұңғылы мылтық, сондай-ақ 5,6 мм калибрлі «Страж» моделінің сигналдық револьверінен тұратын қару-жарақ арсеналы табылды.
Қазір тәртіп сақшылары аталған азаматтың бұл қаруды қандай мақсатта сақтағанын анықтауда.
«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, сақтау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді», деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.