Өнер
2 мин оқу 1,480

Көркем еңбек қолтаңбасы

<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік орталық музейде Қазақстанның &laquo;Көркем еңбек&raquo; пәні мұғалімдерінің қатысуымен республикалық &laquo;Бабалар үні&raquo; көрмесі ашылды. Дәстүрлі жоба жыл сайын үздік ұстаздарды рухани алаңға жинап, өзара тәжірибе алмасуға жол ашып келеді.</p>

Көркем еңбек қолтаңбасы

«Бабалар аманаты» жобасының мақсаты еліміз­дің бүкіл аймақтарындағы көркем еңбек пәні мұғалімдерін бір арнада тоғыстыру. Сол арқылы өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесі мен білім негізін ұштастыру һәм әрқилы жанрдағы туындылардың қыр-сырын тарих тағылымына терең бойлата отырып көрерменге жеткізу.

Биыл «Бабалар аманаты» Ұлттық жобасының құрыл­ғанына үш жыл толды. Жобаға Сурет­шілер одағы, Республика дизайнерлерінің Еура­зиялық одағы, Қол­өнер одағы және шығар­машы­лықпен айналысатын елі­міздің Көркем ең­бек мұғалімдері кіреді. Олар Түр­кия, Грекия және Ор­талық Азия елдері арасында өтетін халықаралық көрмелерге үзбей қатысып келеді.

Жоба жетекшісі – Қанағат Кодеков. «Бабалар аманаты» – халықаралық кәсіби суретшілері мен талантты Көркем еңбек мұғалімдерінің үздік шығар­малар жинағының авторы «Үздік педагог-2021» байқауының жеңім­пазы атанған болатын. Сондай-ақ оның қолтаң­басынан Әл-Фарабидің 1150 жыл­дығына, Абай Құнанбайұлының 175 жыл­дығына, Мұқағали Мақа­таевтың 90 жылды­ғына, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шы­ғармалар жинақтары жарық көрді.

– Көркем еңбек пәндерін оқытатын респуб­ликаның барлық өңірлерінен келген 800-ден астам ұстаз, шығармашыл педагог «Бабалар аманаты» жобасында республикалық және халықаралық деңгейде педагогикалық өнерді насихаттау мақ­сатында бірікті. Жоба мүшелері елімізде өтіп жатқан мәдениет күндеріне белсенді қатысып, көрмелер өткізеді. Қазіргі уақытта еліміздің педагогикалық қоғамдастығы өскелең ұрпақты ұлттық бейнелеу өнерінің құпиялары мен қыр-сырына үйрету үшін тынымсыз еңбек етуде, өнер арқылы оларды қазіргі заманғы көркемдік бағыттармен таныстырады, эстетикалық тәрбиені, сұлулықты дұрыс түсінуді қалыптастырады. Қазақстанның ұлттық өнерін насихаттау ісінде шығармашыл педагогтердің орны ерек, – дейді Қанағат Кодеков.

Биылғы көрмеге Қарағанды, Атырау, Ақтау, Шымкент, Маңғыстау, Павлодар, Семей, Өскемен және тағы басқа да аймақтардан халқымыздың ұлттық мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін, Қа­зақстан табиғатының сұлулығын бейнелейтін 40-тан астам туынды ұсынылған. Алматылық көрермендер мен қала қонақтары аталған өнер жәрмеңкесін 2022 жылдың 23 ақпанына дейін тамашалай алады.

 па

п

в

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Көркем еңбек қолтаңбасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар