Қоғам
1 мин оқу 455

Кейуана коньки теуіп жүр

<p style="text-align: justify;">Сексеннің сеңгіріне шыққан Рысты Ілиясова есімді шешейдің көк мұздың үстінде коньки тепкені &laquo;Қазнет&raquo; кеңістігіндегі қауымның көңілін көтеріп тас&shy;тады. Сөйтіп кейуана әп-сәттің ішінде &laquo;жұлдызға&raquo; айналып шыға келді...</p>

Кейуана коньки теуіп жүр

Рысты Ілиясова Қара­ғандының іргесіндегі Ақ­­тас кентінде тұрады. Коньки тебу үшін 15 ша­қы­рымды артқа тастап, облыс орталығындағы сая­бақтың мұз айдынына ке­леді.

Рысты шешейдің бар саналы ғұмыры ауылда өткен екен. Жас кезінде қара жұмыстың бәрін де істепті: аспаз да болған, сиыр сауып, мал баққан, қой қырыққан. Еңбекқор жан соның өзінде бос уақыт табыла қалса, оны дене шынықтырумен ай­налысуға жұмсайды екен.

– Спортпен түпкілікті түрде айналысқан адам емеспін. Бірақ қолым босаған сәтте жүгіріп, суда жүзіп, дене шынықтыру жаттығуларын жасап тұратынмын. Қазір де сөйтемін. Құрбыларым мұныма күледі. Күл­се күле берсін, сол қимылдағанның арқа­сында үнемі сергек жүре­мін, – деп сыр шертеді Рыс­ты шешей.

Таяуда ұлы Бораш ана­сына жаңа коньки сатып әперіпті.

– Коньки тепкенінде уайымдайтыным рас. Қа­лай дегенмен де жасы бір­талайға келген адам ғой. Жібермейін десем, көнбейді, – дейді ол.

Сексеннің үшеуіне жа­сы келген Рысты шешей үйде отыра бергенше, бір мезгіл таза ауаға шығып, спортпен айналысу керек­тігін айтады. «Сонда адам­­ның қырыс-тырысы жа­зылып, денсаулығы да түзеледі», дейді сала­мат­ты өмір салтын серік еткен кейуана.

Қарағанды облысы

 

Бөлісу:
Кейуана коньки теуіп жүр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар