Қысқы спорт
1 мин оқу 210

Бейжің-2022: 8 ақпанда кімдер жарысқа шығады?

<p style="text-align: justify;">Бүгін, 8 ақпанда Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында Қазақстанның тоғыз спортшысы жарыс жолына шығады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шаңғышылар еркін стильдегі жекелей спринтке қатысады. Әйелдер арасында Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Ирина Быкова сынға түседі. Qazaqstan телеарнасы жарысты тікелей эфирде сағат 13:50-де көрсетеді.

Ал қазақстандық екі биатлоншы Александр Мухин мен Владислав Киреев жекелей жарысқа қатысады. Биатлон сағат 14:20-ға жоспарланған. Тікелей эфир «Хабар» арнасында.

Сағат 14:50-де ерлер арасында спринттен іріктеу басталады. Оған Қазақстан атынан Евгений Величко мен Виталий Пухкало қатысады. Тікелей эфир Qazsport арнасында.

Сағат 16:25-те конькиден жарыс басталады. Ерлер арасында Дмитрий Морозов 1500 метр қашыққа финалда өнер көрсетеді.

Бөлісу:
Бейжің-2022: 8 ақпанда кімдер жарысқа шығады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар