Президент
1 мин оқу 296

Президент наурыз айында Алматыға жұмыс сапарымен барады

<p style="text-align: justify;">Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын дамыту мәселелерін атап өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Алдымызда өте үлкен, күрделі міндеттер тұр. Алматы - біз үшін ерекше қала, жалпы әлеуметтік мәселелерді шешуге басты назар аудару керек, нағыз алматылық рухты жандандырып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау керек», деді Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сондай-ақ Президент наурыз айында Алматыға жұмыс сапарымен баруды жоспарлап отырғанын айтты.

«Нақты мәселелерді біз наурыз айының басында Алматыға сапар барысында талқылайтын боламыз. Онда шын мәнінде проблемалар бар - олармен Бақытжан Сағынтаев айналысты, бір жерде алға жылжуға үлгердім, бір жерде түрлі себептер бойынша үлгермедім, шешім қабылдамадым. Қалай болғанда да, бағыт дұрыс алынды - дәл осы бағытта қозғалу керек. Алматы жұртшылығымен тығыз жұмыс істеу керек деп ойлаймын. Тағы да қайталаймын, біз қақтығыс мәселелерін жұмыс сапарында талқылауымыз керек»,  деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Президент наурыз айында Алматыға жұмыс сапарымен барады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар