Оқиға
1 мин оқу 170

Әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы ҰҚК 2022 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласындағы жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарына шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адамды ұстады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

«Тінту барысында олардан Калашников автоматы, оған 158 патрон, танкіге қарсы қол граната атқышына 1 ату және 3 снаряд, 2 граната, келте аңшы мылтығы және электрошокер табылып, тәркіленді», делінген хабарламада.

Ұсталғандардың бірі бұрын адам өлтіргені, қарақшылық және ұрлық жасағаны үшін сотталған.

Тергеу және жедел іс-шаралар жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар