Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 524
Ресми: Әбілхан Аманқұл кәсіпқой боксқа ауысты
<p style="text-align: justify;">Әуесқой рингте әлем чемпионатының және Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған Әбілхан Аманқұл ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Боксшының қазақстандық «Suleimen Promotions» промоутерлік ұйымымен келісімшарт жасасқаны белгілі болды. Промоутерлік ұйым жетекшілері инстаграмдағы парақшасында жағымды жаңалықпен бөлісіп, Әбілханға сәттілік тіледі.
«Команда құрамына Әбілхан Аманқұлдың келгенін ресми түрде хабарлаймыз. Әбілханға алдағы уақытта кәсіпқой бокс әлемінде тек сәттілік пен жеңістер тілейміз», делінген жазбада.
Бөлісу: