Спорт
1 мин оқу 172

Тунистен табысты оралды

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Тунистің Радес қаласында үстел тен&shy;нисінен жасөспірімдер арасындағы WTT санатына жататын халықаралық турнир өтті.</p>

Тунистен табысты оралды

Осы жарыста қазақстандық Алан Құр­ман­ғалиев те өнер көрсетті. 15 жастағы жер­лесіміз бұған дейін де бірқатар халық­аралық турнирде жүлде алып, ересектер арасында ел чемпионы атанғанын жақсы білеміз. Бұл жолы ол словакиялық Павол Кокавец (Словакия), тунистік Чади Хсайри, норвегиялық Хай Лам, португалиялық Тиаго Абиодун және че­хиялық Яндриш Моравик сынды шебер­лер­ді ұтып, ақтық сында Словакияның сайып­қыраны Самуэль Арпасқа есе жіберді. Нәти­жесінде, қандасымыз күміс медальды мойнына ілді.

Сондай-ақ Алан Құрманғалиев жергілікті үстел теннисшісі Айдли Юсеффпен жұптық сайыста да табысты өнер көрсетіп, қола медальды қоржынына салды.

Бөлісу:
Тунистен табысты оралды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар