Аймақтар
2 мин оқу 333

Қысқа айдан қысылмай шығу үшін...

<p style="text-align: justify;">Ақпан айы &ndash; таулы жердегі аң-құстар үшін ауыр. Жырт&shy;қыш жемтікке жарымай, тұяқтылар тебіндей алмай қина&shy;лады. Қалың жауған қарды бауырымен жара жортып, азық іздеу оңай ма?! Мұзы қалың қатқан өзен-көл&shy;дің балығы да тұншығып, қырыла бастайтыны осы кез.</p>

Қысқа айдан қысылмай шығу үшін...

Катонқарағай мемле­кеттік Ұлттық табиғи пар­кі­нің қызметкерлері жылда түз тұяқтыларына қо­сым­ша азық дайындап, соқ­пақтарындағы қарды атпен жарып, жол салады. Өзен-көлдің мұзын ойып, аэрация жұмыстарымен айналысады. Аэрация деп отырғанымыз, суды ауамен қанықтыру процесі. Табиғат жанашырлары әр жерден мұзды ойып жүргендері сондықтан.

– Жылдағыдай аяз жоқ. Мұз жұқа. Бірақ қар қалың түсті. Қардың қалыңдығы кейбір жерлерде бір метрден астам. Мұздың қалыңдығы 60 см. Мамандар мұзды бұр­ғылап, суға оттегі жі­бер­ді. Балықтардың қы­ры­­лып қалмауы үшін мұн­­дай жұмыстар жылда істе­леді, – дейді жануарлар әлемін қорғау және өндіру бөлімінің саяткер-биологы Ажар Майл­­­ханова.

Сонымен қатар биотех­никалық, яғни аңдарды азық­тандыру жұмыстары жүргізілді. Жануарларды қорғаушы мамандардың пі­­кірінше, тұяқтылардың қы­рылып қалмауы үшін қо­сымша азықтандыру жұ­мыстары қыстай жүргізілуге тиіс. Жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Ұлттық парк аумағында аң саны көбейген. Аңдар шо­ғырын әбден біліп алған инс­пекторлар сол маңға жаз­дың күні дайындаған шөптерін шашып, науаға жем салады. Ащылап қалмасын деп, тұздарын қояды. Кәдімгі үйдің малын күткендей жанталасады олар. Сондайда браконьерлердің тірлігі «әт­теген-ай» дегізер еді. Абы­рой болғанда, Катон­қарағай Ұлттық паркінің аума­ғын­да заңсыз аң аулағандар кездескен жоқ. Ол дағы инспекторлардың қыра­ғы­лығы, табиғатқа деген шы­найы жанашырлығы деп ойлаймыз.

Ақпан қысқа ай болға­нымен, қытымыр. Үскірік аязы да, боран-шашыны да бар. Осыны ойлаған парк басшылығы мен қызмет­керлері ақпанда аң­дардың күтіміне ерекше көңіл бө­леді.

Шығыс Қазақстан облысы,

Катонқарағай ауданы

Бөлісу:
Қысқа айдан қысылмай шығу үшін... · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар