Спорт
1 мин оқу 163

Алғашқы жүздікте – үш жерлесіміз

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Теннисшілердің әлемдік рейтингі қайта жаңартылды. Қазіргі кезде &laquo;ТОП-100&raquo; ойыншының қатарында Қазақстанның үш өкілі бар.</p>

Алғашқы жүздікте – үш жерлесіміз

Отандастарымыздың арасында ең үздік көрсеткіш Елена Рыбакинаға тиесілі. Соңғы кездері өрелі өнерімен көзге түсіп жүрген ол бұл күндері WTA тізімінде 12-орынды иеленуде. Рыбакинаға дейін Қазақстанның бірде-бір теннисшісі дәл осындай биікке көтерілген жоқ еді. Юлия Путинцева 41-орын­ды еншілесе, Зарина Диас 117-са­тыға тұрақтады. Әйелдер арасында әлі де Аус­тра­лияның аруы Эшли Барти алдына жан салар емес. Екінші орында –  бело­руссиялық Арина Соболенко. Чехияның қос жұлдызы – Барбора Крейчикова мен Каро­лина Плишкова үшінші және төртінші орындарды өзара бөлісті. Үздік бестікті испа­ниялық Паула Бадоса түйіндеп тұр.

Монпельедегі жарыстағы жеңісінен кейін Александр Бублик төрт сатыға жоға­рылап, қазіргі кезде 31-орынды иеленуде. Бұл – қазақстандық ойыншылар арасындағы ең үздік нәтиже. Өкінішке қарай, өзге жерлестеріміздің көрсеткішіне көңіл толмайды. Еліміздің екінші ракеткасы Михаил Кукушкин небәрі 165-орында қанағат тұтуда.

Бөлісу:
Алғашқы жүздікте – үш жерлесіміз · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар