Елена Рыбакина Санкт-Петербург турнирін жеңіспен бастады
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Санкт-Петербург WTA 500 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 81-орында тұрған ресейлік Варвара Грачевамен кездесті.
Бірінші партияда екі брейк жасаған қазақстандық теннисші айқын басымдылық көрсетті - 6:2. Екінші сетте алғаш геймін В.Грачева алғанымен, одан кейін Е.Рыбакина дес бермеді - 6:1.
Бір сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Е.Рыбакина 5 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Қазақстандық теннисші ширек финалға шығу үшін әлемнің 42-ракеткасы, чехиялық Тереза Мартинцовамен таласады.