Аймақтар
1 мин оқу 720

Алматы облысында сот алқасы төрағасы мен судьялар ауысты

<p style="text-align: justify;">Алматы облысының бірнеше ауданында сот алқасы төрағасы мен судьялар ауысты. Бұл туралы Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы облысында сот алқасы төрағасы мен судьялар ауысты

«Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқасы төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Президенттің 2022 жылдың 31 қаңтардағы №799 Жарлығымен: 

- Алматы облысы Кеген аудандық сотының төрағасы лауазымына Құрманбаева Салтанат Қожахметқызы;

- Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының судьясы лауазымына Қойшыбаев Нұрсұлтан Мейірбекұлы.

- Алматы облысы Қарасай аудандық сотының судьясы лауазымына Шойбеков Азамат Жүсіпұлы.

- Алматы облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы лауазымына Тұранова Бақыт Қалмаханбетқызы тағайындалды. 

Ал, Абділхади Жібек Абділхадиқызы Алматы облысы Кербұлақ ауданы №2 аудандық сотының судьясы лауазымынан өз өтініші бойынша босатылды.

Бөлісу:
Алматы облысында сот алқасы төрағасы мен судьялар ауысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар