Қысқы спорт
1 мин оқу 290
Бейжің Олимпиадасы: Төрешілер Ольга Тихонованы жарыстан шеттетті
<p style="text-align: justify;">Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен 1000 метрге жүгіруден әйелдер арасындағы іріктеу бәсекелері өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҰОК-ке сілтеме жасап.</p>
Бұл бәсекеде Қазақстан атынан Ольга Тихонова сынға түскен болатын. Ол жарыс барысында қарсыласына соқтығысып, құлап қалды. Салдарынан, төрешілер Тихонованы жарыстан шеттетті.
Десе де, ол аталған қашықтықты 1 минут 56 секундта жүгіріп өткен.
Енді қазақстандық спортшы 16 ақпан күні 1500 метрге жүгіруден сынға түседі.
Бөлісу: