Спорт
1 мин оқу 190

Екатеринбургте айқасады

<p class="2018-" style="text-align: justify;">23 ақпанда Ресейдің Екатеринбург қаласында аралас жекпе-жектен Russian Cagefighting Championship (RCC) Intro 19 деп аталатын аса ірі халық&shy;аралық турнир өтеді.</p>

Екатеринбургте айқасады

Аталған жарыста Ресейдің туы астында Ілияс Хамзин есімді қазақтың ұлы өнер көрсетеді. 30 жастағы қандасымыз Омбыда дүниеге келген. Әу баста кикбокс және тай боксымен шұғылданды. Спорттың бұл түрінен Ресей чемпионатының күміс жүлдегері атанып, ел кубогын олжалады. Бірқатар халықаралық жарыста олжаға кенелді. 2018 жылдан бері ол аралас жекпе-жекке ден қойды. Сол кезден бері жартылай орта салмақта 10 кездесу өткізіп, соның сегізінде жеңіске жетті. Бес бәсекеде айқын басымдық танытты. Алдағы айқасқа ол Таиландтағы әйгілі Tiger Muay Thai мектебінде Дамир Исмағұлов, Ярослав Амосов, Хамзат Чимаев, Рафаэль Физиев және тағы басқа атақты спортшылармен бірге даярланды.

Екатеринбургте Ілияс Хамзин Луан Сантьягомен күш сынасады. 27 жастағы Бразилияның өкілі октагонға 21 мәрте көте­ріліп, 16 жекпе-жекті өз пайдасына шешкен.

Бөлісу:
Екатеринбургте айқасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар