Қоғам
1 мин оқу 1,544

Шетелден жұмыс күшін тартуға арналған квота қысқарды

<p style="text-align: justify;">ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының қаңтарда ірі отандық бизнес өкілдерімен кездесу қорытындысы бойынша берген тапсырмасын орындау үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны 16% - ға дейін қысқартты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл елімізде тапшылығы сезілетін мамандық пен бейінді мамандардан басқа кәсіптердің барлық санаттарына қатысты.

«Квотаны бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы №17 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық 4 ақпанда қабылданды, оған сәйкес жергілікті атқарушы органдар үшін республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған 2022 жылға арналған квота 28 352-ден 23 560 бірлікке – 4 792 бірлікке (16%) қысқартылды.

Нәтижесінде 2022 жылы шетелден жұмыс күшін тартуға квота мынадай түрде 4 санатқа бөлінді: бірінші санат бойынша 1 243 жұмыс күшін тартуға (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат бойынша 6 499 жұмыс күшін әкелуге рұқсат берілелі (құрылымдық бөлімшелердің басшылары).

Рұқсаттардың негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 2 312 адам тартылуы мүмкін.

Бөлісу:
Шетелден жұмыс күшін тартуға арналған квота қысқарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар