Спорт
1 мин оқу 280

Бейжің-2022: Ирандық спортшыдан допинг анықталды

<p style="text-align: justify;">Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында алғашқы оң допинг-сынама табылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Халықаралық допинг тестілеу агенттігі хабардар еткендей, ирандық тау шаңғышы Хуссейн Савех-Шемшакидің допинг-тесті оң нәтиже көрсетті. Спортшы дегидрометил-тестостерон метаболиттерін қолданды деген күдікке ілінді.

Айта кетсек, Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Хуссейн Савех-Шемшаки Иран құрамасының туын ұстап шыққан болатын.

Енді спортшы жарысқа қатысудан уақытша шеттетілді.

Бөлісу:
Бейжің-2022: Ирандық спортшыдан допинг анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар