Қоғам
1 мин оқу 342
«Қазақстан халқына» қорына қанша қаражат жиналды?
<p style="text-align: justify;">«Қазақстан халқына» қорының шотына ірі бизнес өкілдері, компаниялар мен жеке тұлғалар 116,8 млрд теңге аударды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. </p>
Осы жылдың 16 қаңтары мен 9 ақпаны аралығында заңды тұлғалар мен ірі бизнесмендер 116 млрд 762,6 млн теңге сомасына 215 төлем жасады.
Сондай-ақ, 69 695 жеке тұлғадан 55 млн теңге түсті.
«Қор Қазақстандағы қайырымдылықтың дамуына үлес қосқандардың барлығына алғыс білдіреді», делінген хабарламада.
Бөлісу: