Футбол
1 мин оқу 850

ФИФА рейтингі: Қазақстан бір саты төмен сырғыды

<p style="text-align: justify;">Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2022 жылы алғаш рет ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

ФИФА рейтингі: Қазақстан бір саты төмен сырғыды

Рейтингте көш тізгінін Бельгия құрамасы қолға алса, Бразилия құрамасы екінші орынға орныққан. Үздік үштікті Франция құрамасы түйіндеп тұр. Ал Қазақстан құрамасы бір саты төмен сырғып, 120 орынға тұрақтаған. Посткеңестік елдердің ішінде Украина құрамасы топ бастаған. Аталмыш елдің ұлттық құрамасы 27 орынға табан тіреген.

Бөлісу:
ФИФА рейтингі: Қазақстан бір саты төмен сырғыды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар