Нева жағалауындағы жарыс
<p class="2018-" style="text-align: justify;">Ресейдің Санкт-Петербург қаласында WTA 500 турнирінің шымылдығы түрілді. Жүлде қоры 703 580 АҚШ долларын құраған жарыста Елена Рыба­кина да шеберлік байқасуда.</p>

Еліміздің бірінші ракеткасы тұсаукесер кездесуін Варвара Грачеваға қарсы өткізді. 21 жастағы Мәскеудің тумасы былтыр Ролан Гаррос пен Аустралияның ашық біріншілігінде үшінші кезеңге дейін жеткен. Әлемдік рейтингте ол бұл күндері 81-орынды еншілеуде. Бұл бәсекеде Рыбакинаның үстемдігі анық байқалды. Небәрі 57 минутқа созылған сайыс 6:2, 6:1 есебімен жерлесіміздің пайдасына шешілді. Кеше Елена Тереза Мартинцовпен күш сынасты. WTA тізімінде 42-орында тұрған 27 жастағы Чехия ойыншысының ең үздік көрсеткіші – 2021 жылы Уимблдонның үшінші айналымында өнер көрсетуі. Алғашқы кезеңде ол ресейлік Вера Звонаревадан айласын асырған-тын.
Ал Нидерландтың Роттердам қаласында өтіп жатқан АТР турнирінің алғашқы айналымында Александр Бублик ұлыбританиялық танымал теннисші Энди Маррейден 6:7, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.