Бейжің-2022: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
<p style="text-align: justify;">Бейжіңде өтіп жатқан Олимпия ойындарында қазақстандықтардың бүгінгі жарыстарын қазақстандық үш телеарна тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Нақтырақ айта кетсек, жанкүйерлер әйелдер арасындағы биатлоннан спирнттің финалын «Qazaqstan» ұлттық телеарнасынан тамашалай алады.
Ал шорт-тректен 500 метр қашықтықтан өтетін доданы «Qazsport» арнасынан тамашалауға болады.
Сондай-ақ шаңғы жарыстарын ерлер арасындағы 15 км жарысы мен шаңғыдан тұғырдан секіру бәсекесін «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Телеарналар жарысты мына уақыттарда көрсетеді:
«Qazaqstan» арнасы: 14:50 Биатлон. Спринт. Әйелдер. Финал - Галина Вишневская-Шепоренко;
«Qazsport» арнасы: 17:50 Шорт-трек. Финал. Ерлер - 500 м, 5000 м - Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша мен Әділ Ғалиахметов;
«Хабар» арнасы: 12:50 Шаңғы жарысы. Ерлер. 15 км - Виталий Пухкало мен Евгений Величко;
15:40 Шаңғымен тұғырдан секіру. Ерлер. Іріктеу - Данил Васильев пен Сергей Ткаченко.