Оқиға
1 мин оқу 280
ШҚО-да жолда қалған 50-ден аса жолаушы құтқарылды
<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстанда авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіліп, 50-ден астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Semeynews.kz сайтына сілтеме жасап.</p>
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 10 ақпанда Сұлусары ауылы тұсында вахта жұмысшыларын тасымалдайтын автобус сынып, жолда қалған. Автобус ішінде жұмысшылар болған.
ӨБ-32 қызметкерлері Кунг көлігімен оқиға орнына жетіп, аудандық полиция бөлімі және жергілікті атқарушы органмен бірлесіп 53 адамды Қалбатау ауылына эвакуациялады және жұмысшылар сол жердегі спорт мектебіне орналастырылды.
Бөлісу: