Ауа райы
1 мин оқу 421
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Демалыс күндері Қазақстанда ауа райы жауын-шашынды болады деп болжанып отыр. Солтүстік-Батыс циклон еліміздің аумағы арқылы өз қозғалысын жалғастырады. Батыстан шығысқа қарай тез жылжып, республиканың барлық облыстарында жауын-шашын күтіледі.
Ауа температурасы көтеріле бастаса да, екпінді жел орын алып, еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын болады», делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Бөлісу: