Теннис
1 мин оқу 450
Джокович тағы бір додадан тыс қалуы ықтимал
<p style="text-align: justify;">Әлемдік рейтингтің көшбасшысы, сербиялық теннисші Новак Джокович Индиан-Уэллс додасына коронавирусқа қарсы вакцина алмауына байланысты қатыспауы мүмкін, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Деректерге зер салсақ, сербиялық теннисші турнирге қатысатын спортшылардың тізіміне енген. Алайда ол АҚШ-қа ұшып барған кезде мәселе туындауы ықтимал. Өйткені спортшы коронавирусқа қарсы вакцина алуға түбегейлі қарсы. Негізі турнирге вакцина алмаған спортшыларға қатысуға рұқсат берілген. Бірақ, АҚШ-та шекарадан өту кезінде қатаң бақылау бар екенін ұмытпаған ләзім. Джоковия вакицна алмауына байланысты бұған дейін Australian Open додасынан тыс қалған болатын.
Бөлісу: