Оқиға
1 мин оқу 320

Атырауда денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қамалды

<p style="text-align: justify;">Атырау облысында денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрқуат Нудин қамауға алынды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қамалды

Аймақтық экономикалық тергеу департаменті денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрқуат Нудинді қамауға алды.

Ақпаратты тиісті басқарманың баспасөз қызметі растады.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Нұрқуат Нудинге тағылған айып медицина ведомоствосына қатысы жоқ екенін жеткізді.

Осы орайда айта кетейік шенеунік бұрын облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасындағы қызметін 2021 жылдың 1 сәуірінен бастаған.

Оған ҚР ҚК-нің уақытша бөтеннің мүлкін иемденгені немесе ысырап еткені үшін жазаны көздейтін бабы бойынша айып тағылды..

Бөлісу:
Атырауда денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қамалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар