Қоғам
1 мин оқу 211

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде қандай қару-жарақ қолданылған

<p style="text-align: justify;">Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жедел алдын алу шарасы барысында Алматы қаласы мен Алматы, Жамбыл облыстарында 400-ден астам қару тәркіленген, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде қандай қару-жарақ қолданылған

Оның 152-сі биылғы қаңтар айының басында болған жаппай тәртіпсіздік кезінде қару-жарақ дүкендерінен ұрланған.

«Мамандандырылған сауда орындарынан барлығы 1 400-ден астам атыс қаруы ұрланған. Сонымен қатар заңсыз айналымнан тәркіленген қарудың басым бөлігінің меншік құқығы әлі анықталмағанын, оларды қаскөйлер қылмыстық жолмен алғанын айта кеткен жөн», дейді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.

Айта кетейік, осы күндері шаһарда криминогендік жағдайды жақсартуға, сондай-ақ заңсыз айналымнан, оның ішінде белгілі қаңтар оқиғасы кезінде қылмыстық құрамдардың меншігіне айналған қаруды тәркілеуге бағытталған «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

«Сондай-ақ қылмыстық жауапкершіліктен босататын, қаруды өз еркімен тапсыру науқанына назар аудару қажет. Ол жалғасып жатыр», деді полиция өкілі.

Бөлісу:
Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде қандай қару-жарақ қолданылған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар