Жекпе-жек
1 мин оқу 410
Морозов қарсыласымен көз түйістірді
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Сергей Морозов ертең UFC-дегі кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> sports.kz-ке сілтеме жасап. </p>

Сергей Морозов АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін UFC 271 турнирінде бразилиялық Дуглас Силва де Андрадемен кездеседі. Бүгін екі спортшы салмақ өлшеу рәсіміне қатысып, көз түйістірді. Отандасымыз UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде ресейлік Умар Нурмагомедовке қарсы шығып, қарсыласына жеңілген болатын. Ал екінші кездесуінде ол германиялық Халид Таханы ұпай санымен жеңген еді.
Бөлісу: