Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 572

Райан Гарсия «Канелоның» бапкерінен кетті

<p style="text-align: justify;">Жеңіл салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген талантты боксшылардың бірі Райан Гарсия мексикалық бапкер Эдди Рейносоның қызметінен бас тартты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;vRINGe.com-ға сілтеме жасап.</p>

Райан Гарсия «Канелоның» бапкерінен кетті

Шаршы алаңда 21 жекпе-жек өткізіп, қарсыластарының барлығынан айласын асырған АҚШ боксшысы Эдди Рейносомен жұмысын тоқтатып, жұмысын халықаралық Даңқ бокс залының мүшесі Джо Гуссенмен жалғастырғанды жөн деп тапқан.

Ол өз сөзінде: «Мен Эддимен 2018 жылдан бері бірлесіп жұмыс істедім. Тәжірибелі бапкерден көп дүниені үйренгенім рас. Шаршы алаңдағы еңбектен бөлек біз дос ретінде жақсы қарым-қатынаста болдық. Сондықтан да оған тек қана алғысымды білдіремін. Бапкер ретінде жаңа биіктерді бағындыра беруіне тілектеспін», деді.

Бөлісу:
Райан Гарсия «Канелоның» бапкерінен кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар