Қару-жарақ дүкенін тонағандар құрықталды
<p style="text-align: justify;">Алматы қаласының полицейлері «Камерад» қару-жарақ дүкенін тонаған үш азаматты құрықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://polisia.kz/almaty-politsejleri-qaru-zharaq-dukeninen-urlanghan-qarudy-tarkiledi/">Polisia.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>

Күдіктілерден бес мылтық тәркіленген. Қалалық криминалдық полиция келтірген деректерге зер салсақ, екі күдікті Алматы облысының, тағы бірі Жамбыл облысының ілгеріде тонау дерегі бойынша сотты болған тұрғындары екен.
«Олар 22-24 жастағы азаматтар. Алматы облысына қарасты Қарасай ауданы аумағында арнайы іс-шара барысында күдіктілердің екеуі ұсталды, тағы бірі Алматыдағы Достық даңғылындағы сауда үйінде қолға түсті. Күдіктілер қамауға алынған. Ұсталғандардың басқа да заңсыз әрекеттерге, соның ішінде қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар-жоғы тексерілу үстінде», дейді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.