Әлем
1 мин оқу 540

Парижде шеруге шыққан 97 адам ұсталды

<p style="text-align: justify;">Тәртіп сақшылары Парижде &laquo;Бостандық конвойы&raquo; акциясына белсенді түрде қатысқан 97 адамды ұстады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Парижде шеруге шыққан 97 адам ұсталды

97 адамды ұстаудан бөлек тәртіп сақшылары 513 хаттама толтырғаны белгілі болған. «Манифестация. Париждегі жалпы нәтиже: 97 ұстау, 513 хаттама. Полиция префектурасы алдағы күндерде де жағдайды бақылайды», делінген жексенбіде полиция префектурасының Twitter-дегі парақшасында жазылған хабарламада.

Сенбі күні ел бойынша 32 мыңнан астам адам шеруге шыққаны анықталған. Сондай-ақ Парижде 7,6 мыңға жуық адам коронавирустық инфекцияға байланысты жарияланған шектеулерге наразылығын білдірген еді. Шеруге автокөлік жүргізушілері Францияның оңтүстігінен және де басқа аймақтарынан Парижге келіп, үн қосуға тырысқан.

Бөлісу: