Қысқы спорт
1 мин оқу 352
Вишневская доданы 52 орынмен аяқтады
<p style="text-align: justify;">Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан әйелдер арасындағы із кесу жарысы өтті. Қазақстан атынан сынға түскен Галина Вишневская-Шепоренко дода қорытындысында көңіл көншітерліктей нәтиже көрсете алмады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Он шақырымдық із кесу жарысын Қазақстан спортшысы бар болғаны 52 орынмен аяқтады. Ал өзгелерден оқ бойы озық болған норвегиялық Марте Олсбю-Ройселанн Олимпиада чемпионы атанса, швециялық Эльвира Эберг күміс жүлдені мойнына тақты. Үздік үштікті тағы бір норвегиялық спортшы Тириль Экхофф иеленді.
Бөлісу: