Спорт
1 мин оқу 184

Екінші рет жеңілді

<p class="2018-" style="text-align: justify;"><span style="letter-spacing: -.1pt;">Аралас жекпе-жек ұйымының (UFC) аса жеңіл салмағында өнер көрсететін қазақстандық спортшы Сергей Морозов (17-6) UFC-дегі үшін&shy;ші жекпе-жегін өткізіп, екінші рет жеңілді.</span></p>

Екінші рет жеңілді

АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен UFC 271 турнирінде октагонға шыққан жерлесіміз бразилиялық Дуглас Силва де Андрадемен (28-4-0-1) жұдырықтасты. Жекпе-жектің бірінші кезеңінде Сергей Морозов қарсыласына қарағанда басым болды. Тіпті бразилиялықты бір мәрте есеңгіретіп те алды. Алайда екінші раундтың басында Морозовтың өзі нокдаунға түсіп қалды. Кейіннен раунд ортасында брази­лиялық Сергейді канвасқа құлатып, қыл­қындыру әдісімен жеңіп кетті.

Осылайша, Силва де Андраде қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді. Енді оның есебінде төрт жеңіліс, алты жеңіс бар. Моро­зов болса, UFC-де екінші рет сәтсіз­дікке ұшырады. Ол былтыр ресейлік Омар Нурмагомедовтен (13-0) жеңілген еді.

Бөлісу:
Екінші рет жеңілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар